«Әл Машани» мешітінде әйелдер жамағатына насихат айтылды

   Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы  мешіт шәкірттеріне «Рамазанды құлшылықпен өткізу» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

«Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен өткен шарада сонымен қатар, қасиетті айда құран хатым етудің артықшылығы, оразаны дұрыс ұстау, рамазанды лайықты деңгейде өткізу сынды тақырыптар қамтылды. Одан кейін, мешіт ұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы мен Гүлжазира Ақназарова берекелі айдың қасиеті жайлы насихат айтып, әйелдер жамағатының сұрақтарына жауап берді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін