ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыттың бірі әрі бірегейі саналатын «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде тұсау кесу рәсімі болып өтті.
Бөлімнің облыс бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен өтен шарада қаз-қаз басқан бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, бата берілді. Дәстүріміздің құндылықтарын насихаттау мақсатында жүзеге асып жатқан рухани шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі