«Әл Машани» мешітінде Хақ дінді қабылдады

   Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде  Мирян Асмин Амаяковна есімді өзге ұлт өкілі  Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды.

Мешітке ағынан жарылып келген азаматшаны  мешіт наиб имамы Түсіпов Ерлан қарсы алып, асыл дініміз жайлы насихат айтты.  Сонымен қатар, азаматшаға кәлима шағадат айтқызып, исламдағы бес парызды түсіндірді. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін