Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамдары Ермахан Оралбай және Смағұлов Жасұлан жергілікті «Қарағанды Банк колледжі» білім ошағындағы студенттерімен кездесу өткізді.
Білім ғимаратында «Дін мен дәстүр» сабақтастығы насихатталып, «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы баяндалды. Одан кейін, алда келе жатқан қасиетті қадір түнінің қасиеті жайлы студенттерге әсерлі уағыз айтылды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі