Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж елу отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
Қайырымдылық шарасы барысында аймақ имамы көмек алушыларды рамазан айымен құттықтап, өзінің игі тілегін білдірді. Игі істе көп балалы отбасылар, аз қамтылған және жалғыз басты аналар, мүгедек, науқас жандар қамтылды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі