Қарағанды облысына қарасты Теміртау қалалық «Жақып Ақбай мешітінде ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы Құран хатым дұғасын жасады.
Рухани шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған аймақтың дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты қатысты.
Қасиетті рамазан айының соңғы күні мешітке жиналған дүйім жұрт әсерлі уағыз-насихатпен сусындап қана қоймай, ел мен жердің амандығы үшін дұға тілесіп, Жаратушыдан есендік сұрады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі