«Бір күнде бір аят жаттау» мәресіне жетті

   Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейілханұлының ұйымдастыруымен  өткен «Бір күнде бір аят жаттау» байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.

Қасиетті рамазан айының құрметіне орай өткен байқау барысында қасиетті «Мүлік» сүресін жаттаған алғашқы үш адамға арнайы сертификат табысталып, алғыс хат берілді.

 

Қарағанды облысы бойыша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін