Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы аталып өтті.
Таңғы сағат 06:45- те мешіт ауласында айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.
Ұлық мейрамда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды.
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі