«Әлихан Бөкейхан» мешітінде айт намазы оқылды

    ҚМДБ-ның Темітау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде  мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы аталып өтті.

Ұлық мейрамда аймақ имамы  Бейбіт Бақытжанұлы жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды. 

Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін