Қарағанды зираттары қоқыстан тазартылды

    Бүгін «QАМQOR-SНARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылғы айтулы шаралар жоспарына сәйкес «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында Қарағанды облысына қарасты барлық аймақтарда зират басына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінен бастау алған шараға «QАМQOR-SНARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының өңір бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы бастаған аймақ имамдары мен дін қызметкерлері және мешіт жамағаты ат салысты. 

Игі шараға кіріспес бұрын  қорымдарда жатқан барша әруақтар рухына Құран бағышталды. Қазақы дәстүрге сай үлкен ақсақалдан бата алынып, жиылған жұрт сауапты іске кірісті.

Игі шара барысында шараның маңыздылығы аталып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырды. 

Зираттар тазаланып болған соң қабірлерді зиярат етудің ережелері жазылған тақтайша ілініп,  ҚМДБ-ның 2020 жылы имамдардың республикалық IV форумында қабылдаған «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты жамағатқа түсіндірілді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін