ҚАРАҒАНДЫДА «ИМАМДАР БАРЫСЫ» ТУРНИРІ ӨТТІ

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен  «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қарағанды облысы өкілдігі және Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Имамдар барысы» атты қазақ күресінен турнир өтті. 

Ата- дәстүр салтымыз бен қазақтың ұлттық ойындарын жаңғырту мақсатырда «Дін мен дәстүр» бағыты аясында өткен сайыста алдымен әнұран шырқалып,  құттықтау сөз Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Есетұлына берілді. 

Одан кейін, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы сөз алып,  салауатты өмір сүрудің маңызын насихаттай келе, сайысқа қатысушы дін қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Имамдар арасындағы қазақ күресіне Қарағанды облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің  имамдары қатысты.  Турнирге жалпы 37 имам үш салмақта, яғни +90,  кг,  90 кг және 70 кг салмақ дәрежесінде  бақ сынасты. 

Сайыс қорытындысы бойынша:
«Түйе палуан» (+90 кг) дәрежесі бойынша:

І орын Ақтоғай ауданының имамы Рысбай Асыл Көшкенұлы (100 000 теңге);
ІІ орын Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауан (70 000 теңге);
ІІІ орын Бұқар жырау ауданы, «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Акошев Рүстем (50 000 теңге);

90 кг салмақ дәрежесі бойынша: 

І орын Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлы (100 000 теңге);
ІІ орын Ростовка ауылдық мешітінің имамы Қазтай Саламат (70 000 теңге);
ІІІ орын Шет ауданы, Босаға ауылдық мешітінің имамы Боранбай Дамир (50 000 теңге);

70 кг салмақ дәрежесі бойынша:

І орын Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылдық мешітінің имамы Қанат Мұхаммед (100 000 теңге);
ІІ орын Шахан кенті мешітінің молдасы Изтелеуов Арман (70 000 теңге);
ІІІ орын Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы (50 000 теңге).

Үш балуанға да арнайы тапсырыспен жасатылған «Имам барысы» белдігі берілді. Турнирде жүлделі орын алған жеңімпаздар ақшалай сыйақымен  және арнайы медальмен марапатталды. 

Жеңімпаздарға марапаттарды Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, ұлттық дәрежедегі төреші Қабиев Ерболат Кашкенұлы және бірінші дәрежедегі төреші Бидолда Болатбек  табыстады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін