Шет ауданында тасаттық берілді

   Халқымыздың әдет ғұрпында Ислам дінінен бастау алған құрбандық шалынып, тасаттық жасау дәстүрі бар. Дәл осы дәстүр Қарағанды облысына қарасты Шет ауданының имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Нақытар айтқанда аймаққа қарасты Шопа ауылында құрбандық шалынып, оған  дін қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар атсалысты.

Ал құрбандық еті қосымша азық-түлікпен бірге көмекке мұқтаж жандарға таратылды. Содан кейін шариғат талаптарына сай Алла тағаладан жауын тілеу намазы мен дұғасы оқылды. Нәтижесін елді мекендердегі халық сол мезетте-ақ сезінді.

Мұсылман бауырларымыздың тілектері қабыл болып, үстіміздегі жылы егілген тұқым бітік шығып, қамбамыз мол астыққа толсын. Диқандардың еңбектері жанып, ырыс-берекелері арта берсін» - деді аймақ имамы Берік Алпысбайұлы.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін