Қарағанды қаласындағы ТОО «Айсберг» белгісімен танымал балмұздақ өнімдері мен жартылай дайын өнімдеріне Халал Даму ЖШС-ның арнайы сертификаты табысталды.
Арнайы тексеріс барысында кәсіпорынның «Халал өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартының орындалуы мен қадағалануы басты назарға алынды. Арнайы сертификатты Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы табыстады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі