«Ислам және отбасы» тақырыбы насихатталды

   «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінің имамы Азамат Серікұлы жергілікті қазақ орта мектебінде «Ислам және отбасы» тақырыбында кездесу өткізді.

Рухани шарада аймақ имамы мектеп оқушыларына отбасы құндылықтарына қатысты, ата-ананың қадірі, үлкенге құрмет көрсету, ата-анаға қызмет, бауырмалдық сынды тақырыптарда насихат айтты.

 

Қарағанды облысы бойынша баспаөз қызметі

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін