Қарабас кенті тасаттық берді

   Қарағанды облысы бойынша жүзеге асып жатқан тасаттық беру рәсімі Абай ауданына қарасты Қарабас елдімекенінде жүзеге асты.  

Аймақ имамы Шарифулла Шадиев бастаған жергілікті жамағат Алладан жауын тілеп, құрбан шалып, дұға жасады.

Шара барысында мұқтаж жандардың отбасына ет пен азық түлік таратылды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін