Балқашта Абайдың қара сөздерін айтудан сайыс өтті

   Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен Хәкім Абайдың қара сөздерін айтудан жастар және ересектер арасында жарыс өтті.

 «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ, Мүмін болсаң, үйреніп, сен де ұқсап бақ» деп жырлап өткен Абай атамыздың қара сөздерінен өткен байқауға шәкірттер жоғары деңгейде ат салысып, өнерлерін көрсете білді.  

Сайыс тартысты өтіп, үш жеңімпазға арнайы марапаттаулар мен қаржылай сый-сияпат берілді.

І орын 100 000 теңге;

ІІ орын 80 000 теңге;

ІІІ орын алған екі жеңімпазға 30 000 теңгеден берілді.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін