Әйелдер жамағаты «Дұға мұсылманның қаруы» атты рухани кеште бас қосты

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен «Тоi Grand» мейрамханасында  «Дұға мұсылманның қаруы» атты рухани кеш болып өтті.

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының жүргізуімен бастау алған кеште «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлы алғы сөз айтып, берекелі шараны Құран оқып, хатым дұғасын оқумен бастады.  Одан кейін, шараға жиналған әйелдер қауымына «Дұға жасаудың әдептері», «Дұғаның қабыл болатын уақыттары», «Дұға және истиғфар» тақырыптары аясында  уағыз-насихат айтылды. 

Кеш барысында мешіт шәкірттерінің орындауында діни әндер шырқалып, қатысушылар арасында Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күнделікті және жиі жасайтын дұғаларын жаттаудан сайыс ұйымдастырылды.

Рухани шараның құрметті қонақтарына арнайы фуршед әзірленіп, кеш қатысушыларына дәм ұсынылды.

Кеш соңында осындай игі шараның жүзеге асуына себепкер болған мешіт имамы мен ұстаз Бақытгүл Айтқалиқызына әйел-қыздар жамағаты ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін