Ақ жаулықты әжелер Құран хатым дұғасын жасады

   Құранды бастан аяқ оқып хатым ету – сауабы мол сүннет амалына жатады. Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен мешіттің әжелер жамағаты  Құран хатым дұғасын жасады.

Осылайша, мешіттің ақ жауалықты апалары қыркүйек айынан бастап алған дәрістерін Құран хатым дұғасымен аяқтады. Шара барысында мешіт ұстаздары мен шәкірттері Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтты.

Дұға ету барысында мешіттің әйел жамағаты, ақ жаулықты апалар жүрекжарды тілектерін айтып, еліміздің амандығын тілеп, жамағаттың мешіттерде бес уақыт намазды осылай уайымсыз оқитын кезеңі ұзағынан болуын дұғаға қосты.

 

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін