«Сүйікті Пайғамбарым (с.а.с)» атты сайыс өтті

   Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұстаздары Шакенова Бағдат және  Сейтқалиева Ақниет ұстаздардың ұйымдастыруымен мешіт шәкірттерінің арасында Пайғамбарымыздың(с.а.с) өмірбаянынан интеллектуалдық сайыс болып өтті. 

Іс-шара қасиетті Құран Кәрімнің Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты аяттарын оқумен басталды. Өз кезегінде мешіт ұстаздары  Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілік жайлы уағыз айтты.

   Сайыс өткізудегі мақсат – жамағат пен шәкірттер арасында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмырын кеңінен насихаттау.

 Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін