Теміртауда қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталды

  31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде арнайы дастархан жайылып, еске алу кеші ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлының ұйымдастыруымен өткен шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері, аймақ жамағаты мен ақсақалдары және дін қызметкерлері қатысты.

Шара барысында  марқұмдарды бір минут еске алуға уақыт бөлініп,  мешіт имамы бабалар рухына Құран бағыштап, арнайы дұға жасады. Одан кейін, уағыз-насихат айтылып, кеш қонақтары нәубет жылдардың қасіреті мен Алаш зиялыларының ғұмыр тарихтарынан сыр шертті.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін