Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлының ұйымдастыруымен қала тұрғындары КарЛаг – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінде болды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Халықты оятқың келсе, оның тарихын оят»,-деп «Алаштану», «Тұлғатану» пәндері бойынша арнайы жаңа бағытқа жол бастаған болатын. Осы орайда, аймақ имамы Әсет Наурызбайұлы 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Долинка елдімекенінде орналасқан Карлаг музейінде кездесу ұйымдастырды.
Шара барысында Құран оқылып, нәубет заманының құрбандарының рухтарына Құран бағышталды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі