«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында, сондай ақ, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті мен жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен жас жеткіншектерге мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шара барысында жыл сайынғы дәстүр бойынша балаларға арналған мерекелік концерт, көңілді ойындар, флешмобтар ұйымдастырылды.
Аймақтық мешіттің имамы Әсет Наурызбайұлының мерекелік құттықтау сөздерінен кейін, балалар екі командаға бөлініп, сайысқа түсті. Концерттік бағдарламаны тамашалап, өлең айтып, би биледі.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі