Қарағанды: «Зекет және қайырымдылық» қоры балаларды құттықтады

   ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен 1-маусым балаларды қорғау күніне орай жас жеткіншкетерге көңілді кеш ұйымдастырылды.

«Қазыбек би» ауданы әкімдігінің демеушілігімен өткен шара барысында балалар қаладағы хайуанаттар бағында түрлі жан-жануырларды қызықтап, мерекелік күнді көңілді қарсы алды. Шара барысында балаларға аниматорлар ойын ұйымдастырып, тәттілер үлестірілді.

Шараға әлеуеметтік аз қамтылған, жағдайы төмен, көп балалы және жалғыз басты аналардың балалары қамтылды.

 Қарағанды облысы бойынша баспсөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін