«Қазыбек би» мешітінде жазғы сауат ашу курсы басталды

   ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде  «Имани жаз» атты жас жеткіншектерге арналған жазғы сауат ашу курсы басталды.

Курстың алғашқы күнінде, «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы  балақайлармен жеке-жеке танысып, білім алу жолында сәттілік тілеп, Өзінің батасын берді.

Бүгінде сауат ашу курсында тәлім алып жатқан ұл-қыздар мешіт ұстаздарынан ахлақ (әдеп), қысқа сүрелер мен дұғаларды, Ислам тарихы мен намаз оқуды үйретуде. Ендеше, балақайларға ілім алу жолында мол береке мен сәттілік тіледік! әмин! 

     ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін