«Имани жаз» Абай ауданында бастау алды

   Оқу жылы да аяқталып, оқушылар жазғы демалысқа шықты. Осы орайда әр жаз сайын ҚМДБ «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырып келеді.

Жылдағы үрдіске сай биыл да Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде  оқушыларға арналған тәрбиелі де өнегелі дәріске толы «Имани жаз» рухани сауат ашу курсы басталды. Аймақтық мешіттің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен  орталық мешітінен бастау алған дәрістер ауданға қарасты елдімекендерде жалғасын тапты.

Мешіт ұстазы Арғын Дәуренбек дәріс барысында  балаларға әдеп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретіліп, дастарқан батасын беру, ас ішер алдындағы дұға, Құран әліппесін үйрену сынды дәрістер бойынша сабақ өткізіп жатыр.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін