Ақтау кенті мешітінде жазғы дәріс басталды

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Теміртау қаласына қарасты Ақтау кенті мешітінде «Имани жаз» атты жазғы сауат ашу дәрісі өз жұмысын бастады. Жазғы дәрістің алғашқы күні мешіт имамы Жомабай Фазыл балаларға «Білім алудың артықшылығы» жайында насихат айтып,өзінің батасын берді.

Дәрісте жас жеткіншектерге   әдеп сабақтармен қоса имандылық дәрістері жүргізілуде.

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін