«Бүгінгі қыз – ертеңгі ана»: қыз балаларға тәрбие сағаты өтуде

   Жаз айларында барлық ата-ана балаларының демалысын тиімді өткізгісі келері ақиқат.  Осы орайда Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы, «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттеріне «Имани жаз» дәрістері тұрақты өтуде.

Жазғы сауат ашу дәрісінде қыз балалар тек ілім алып қана қоймай, қазақи дүниетанымыз  бойынша қыз балаға тән қасиеттер мен қоғамдағы рөлдері жайында мағлұматтар алуда.

«Аруларға арналған ұлттық бас киім үлгілері», «Бүгінгі қыз – ертеңгі ана», «қыз өссе – елдің көркі», «Қыз намысы – ел намысы» сияқты тақырыптарда да қамтылды. Сондай-ақ, балалардың дамуына арналған түрлі ойындар ойнатылды.

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін