Қарағанды облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында волейболдан жарыс өтті.
Шараның басты мақсаты әйел-қыздар жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Спорттық додадағы әр ойын қызу да тартысты өтіп, жарыс соңында «Әл Машани» мешітінің командасы жеңіске жетті.
ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі