«Әлихан Бөкейхан» мешітінде жазғы лагер аяқталды

  Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде «Имани жаз» атты жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлы арнайы сертификат табыстап,   бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға ислам  әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Ата аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді. Марапаттау рәсімінен кейін балаларға сыйлықтар табысталды.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін