АБАЙ ЖАМАҒАТЫ ҚҰРАННАН ДӘРІС АЛУДА

   Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):  «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген. ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде құран дәрістері тұрақты жалғасып келеді.  Дәрісті Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Юсуфбек Шұғайұлы   жүргізуде. Сонымен қатар, "Ислам тарихы", "ақылақ", "фиқһ", "ақида" пәндерінен де сауат ашып жатқан жамағат саны арту үстінде.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін