«Өмірге үміт сыйла»: жалғыз басты анаға көмек көрсетілді

   ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында  түберкүлез дертіне шалдыққан Айгерім есімді жалғаз басты ананың еміне қаржылай көмек берілді. 
Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Сұңқар Қадырұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы барысында  тағдырдың тәлкегіне душар болған, көп балалы анаға  400 000 теңге қайырымдылық сертификаты табысталды.
Дертіне шипа сұрап түрлі ем-шаралар алып жүрген  жалғыз басты ана жақсылықта жарысып, қайырымдылық жұмыстарына атсалысып жүрген жомарт жандар мен дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Айта кетейік, емге қажетті қаражат демеушілер мен жанашыры жандардың қолдауымен жиналды.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін