«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұстаздары Бағдат Шакенқызы және Ақниет Дәуірғалиқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған рухани отырыс болып өтті.
Қасиетті құрбай айттың құрметіне орай өткен шара барысында әйелдер жамағатына арнайы мерекелік дастархан жайылып, берекелі шара құран оқумен бастау алды. Одан кейін, мешіт ұстаздары қасиетті мерекенің қадір қасиеті жайлы насихат айтып, әйелдер жамағатының сұрақтарына жауап беріліп, сұрақ-жауап ойындары ойнатылды. Шара соңында құран хатым дұғасы жасалды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі