Алланың көркем есімдерін жатқа айтудан жарыс өтті

   Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Алланың 99 көркем есімдері» тақырыбында білім сайысы өтті. Сайыс барысында  қатысушылар Алланың есімдерін жатқа және аудармасын айту бойынша бақ сынасты. 

Сайыс жіңімпаздарына ынталандыру мақсатында сыйлықтар табысталды.

Игі шараны ұйымдастырған мешіт ұстазы бұл сайыстың артықшылық тұстарын былайша жеткізді:

«Қасиетті Құранның Ағаф сүресінің 180-аятында «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар», ал Пайғамбарымыз Мұхаммедтің «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді» дегеніндей, бұлай дұға ету – үлкен сауапты істерден болып табылады. Олай болса, ұлы құдіретті Алланың ұлық есімін жадымызда ұстап, мағынасын түсініп, үнемі айтып жүрейік. Өйткені, барлық мақтау жалғыз Аллаға ғана тән»,-деді Бақытгүл Аайтқалиқызы өз сөзінде.

Айта кетейік, шара алғашқы тур болғандықтан алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. 

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін