Шет ауданында «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасы өтті

  Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен «Балаларға базарлық» тақырыбы аясында қайырымдылық шарасы өтіп, жеткіншектерге 300 балмұздақ үлестірілді.

Қасиетті құрбан айттың құрметіне орай ұйымдастырылған шара барысында мешіт имамы балаларды айт мерекесімен құттықтап, насихат айтты.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін