Бұқар жырау ауданы жамағаты ұлттық ойындардан бақ сынасты

  Қасиетті құрбан айттың құрметіне орай ҚМДБ-ның  Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Акошев Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен жергілікті жамағат арасында қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, қазақ күресі және кір тасын көтеру бойынша сайыс өтті. Салауатты өмір салтын ұстанған мешіт жамағаты спорттың қай түрінен болса да қара жаяу еместігін аңғартып, көңіл қуантарлық нәтижелер көрсетті. Жеңімпаздарға «Алғыс хаты» табысталып, ақшалай сыйлықпен марапатталды.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін