Мұқтаж жандарға көңілді демалыс ұйымдастырылды

«Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі және «Бірлік» қайырымдылық қорының бірлесуімен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға демалыс ұйымдастырылды.

Қарағанды облысына қарасты Нұра өзенінің бойында арнайы демалыс ұйымдастырылып, көмекке мұқтаж отбасыларға көңілді демалыс жүзеге асырылды. Шара барысында көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғыз басты аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар қамтылды.

Демалыс барысында қазақы киіз үйде дастархан жайылып, ас берілді. Уағыз-насиат айтылып, Құран оқылды. 

 

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін