Әжелер Республикалық бас мешіттің сәулетімен танысты

   Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде тұрақты дәріс алып, асыл дініміздің қайнар бұлағымен сусындап жүрген ақ жаулықты апалары Астана қаласындағы Республикалық бас мешіттің сәулетімен танысты.

Ел ордасы Астана қаласына арнайы сапар жасаған қарт аналар жаңа мешіттің ішінде алдымен құлшылықтарын орындап, Алла Тағалаға дұға жасады.

Одан кейін, мешіттің тарихымен танысып, зәулім ғимараттың ішінде экскурсия жасады.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін