ҚМДБ-ның жылдық жоспары аясында Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты ақсақалдар семинары өтті.
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында өткен семинарға Қарағанды облысының ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.
Семинарда арнайы алғы сөзді алған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап, аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
«Шараның негізгі мақсаты бұхара халыққа және жастарға ақыл кеңес айтатын «Аталар мектебін» құру»,-дейді "Ізгі қоғам" бағытының облыс бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы.
«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», - деп, бір ауыздан қолдау танытты Қарағандылық ақсақалдар алқасы.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі