Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шарасы жүзеге асып, 20 отбасына азық-түлік үлестірілді.
Акция аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, науқас, көп балалы және жалғыз басты аналарға қолдау көрсетілді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі