Шахтинск қаласында орыс қызы мұсылман атанды

   Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде тағы бір жан хақ дінге бас ұрып, Ислам дінін қабылдады.  

Нурушена Елена Николаевна есімді азаматша жергілікті кітапханада қызмет ететін қарапайым қала тұрғыны. Өзінің жүрегі Исламды жақын көрген соң осындай шешім қабылдаған 44 жасар Елене бүгінде тілін кәлимаға келтіріп мұсыман атанды. Осындай ағынан жарылып келген жаннан мешіттің азаншысы Байкешев Нұрғали Берікқұлұлы .дінге келудегі мақсатын сұрап, оған Ислам діні туралы уағыз айтты.

Ислам діні жүрегіне жақын болып, шынайы мұсылман болуға деген талпынысы бар жанға кәлима шахадатты айтқызып,  хақ дініндегі бес парызды түсіндірді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін