Шара барысында Қарағанды қалалық "Әл Машани" мешітінің шәкірттеріне демеушілердің қолдауымен екі дүние сардары, сүйікті Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ғұмыры баяндалған «Адамзаттың асыл тәжі» атты кітабы үлестірілді.
Мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен өткен шарада Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихын білудің маңызы жайлы насихат айтылы.
Дәріс соңында мешіт шәкірттерінің тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі