«Parapa Pizza», «Doner Crush» сертификатын жаңартты

  Қарағанды қаласына кеңінен танылған «Parapa Pizza», «Doner Crush» фаст-фуд өнімдері  ҚМДБ халал  стандарты бойынша сертификатын жаңартты. 
Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылды. Арнайы сертификатты  "Халал Дамудың" Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дұрыскелдіұлы  табыстады.
Сертификаттаудан өткізу барысында ««Parapa Pizza», «Doner Crush » дәмханасында бақылау-қадағалау шаралары қайта жүргізіліп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. 

«Parapa Pizza», «Doner Crush» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін