«Ислам және ізгі қоғам»:Теміртау жамағаты бас қосты

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» атты жамағаттың бірлігіне арналған рухани кеш өтті.

Жамағаттың басы қосылған рухани кеште  алдымен мешіт имамы Бейбіт Бауыржанұлы басқосудың мән мақсатына тоқталды. Кеште Ұлытау облысының бас имамы Елдос Жұмаділдә қонақ болып,  бірлік пен татулық жайлы уағыз- насихатын айтты.  Рухани кеште жамағаттың құрметіне мешіт асханасында дастархан жайылып, Құран оқылды. Сондай-ақ, жамағаттың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін