«ҚАЗЫБЕК БИ» МЕШІТІ ЖАМАҒАТЫ БАС ҚОСТЫ

   ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде   "Бірлігі жарасқан жамағат" атты рухани кеш  болып өтті.  "Ислам-ынтымақ және бірлік діні" жылы аясында  өткен шараның негізгі мақсаты жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту. Шара барысында  мешіт жамағатына дастархан жайылып, Қарағанды қалалық "Қазыбек би" мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, рухани отырысқа қатысушылардың көкейлерінде жүрген  сұрақтарына жауап берді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін