Әйелдер жамағаты «Мұсылманның ақысы» тақырыбында насихат тыңдады

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде әйел жамағатына арналған уағыз сағаты бүгін де өз жалғасын тауып, мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы «Мұсылманның ақысы» тақырыбында насихат айтты.

Мұсылмандар өзара қарым-қатынаста  ақыға мән беру арқылы олардың арасындағы бауырмалдық пен бірлік одан әрі артып, сүйіспеншіліктері де нығайы түсетінін жеткізді.

Уағыз соңында әдеттегідей жамағат сұрақтарына кезек беріліп, түрлі тақырыптар бойынша жауап берілді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін