«Маки-маки» фаст-фуд өнімдері сертификатын жаңартты

  Еліміздің бірқатар өңірлеріне кеңінен танылған "Маки-маки" фаст-фуд өнімдерінің Теміртау қаласындағы сауда нүктесі ҚМДБ халал стандарты бойынша сертификатын жаңартты. 
Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылып, "Халал Дамудың" Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дұрыскелдіұлы "ҚМДБ халал" сертификатын табыстады.
Сертификаттаудан өткізу барысында «Maki-maki» дәмханасында бақылау-қадағалау шаралары қайта жүргізіліп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз!

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін