Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса Молла» мешітінің жамағаты аймақ имамы Азамат Серікұлына ұмра қажылығына жолдама сыйлады.
Мұндайды күтпеген Азамат Серікұлы Аллаға шүкірлік пен жамағатқа алғысын білдіріп, өз әсерін бөлісті.
«Жақсылыққа жол сілтеуші, сол жақсылықтың сауабын алады» дейді шариғатымызда.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі