«Әл Машани» мешітінде білім сайысы өтті

  «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында білім сайысы болып өтті.

Алдымен мешіт имамы сайыс қатысушыларына «Білі алудың артықшылығы», «Құран оқудың пайдасы» тақырыптары аясында насихат айтты. 

Шарада мешіт шәкірттері өздерінің білімін сынға салып, өзара бақ сынасты. 

Ойын жеңімпаздарына Құран кәрім, қасиетті зәм-зәм суы, «Кемел адам», «Жан ұясы» кітабы  және т.б сыйлықтар тарту етілді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін