Саранда жерлеу рәсімдері бір ізділікпен жүзеге асып келеді

  ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының бақылауымен Қарағанды облысына қарасты Саран қаласындағы жерлеу қорымына арнайы зиярат жасалды.

ҚМДБ-ның Қарағанды обылысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйықты болуымен өткен шараға «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, орталықтың облыс бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы, өкілдікке қарасты дін қызметкерлері және мешіттердің ерікті жамағаты қатысты.

Саран қаласының маңында орналасқан қорым басында өткен игі іс-шарада облыс бас имамы алдымен қасиетті Құран аяттарын оқып, арнайы дұға жасады.

Аймақ имамы Нұржігіт Оразалыұлы дін қызметкерлеріне қорымда атқарылып жатқан салттық рәсімдермен таныстырып, қазіргі уақытта жүзеге асып жатқан шаралардан хабар берді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қорым басына келіп-кетушілер үшін арнайы жол жөндеуден өтуде.

Бұдан кейін шараға қатысушы дін қызметкерлері мен ерікті жамағатқа зират және зиярат әдебіне қатысты насихат жеткізілді.

Айта кетейік, Бас мүфти бастамасымен марқұмдардың басына белгі қойып, мазар салуды бірізіділікке түсіру мақсатында «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы құрылып, Имамдардың IV республикалық онлайн форумында «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты қабылданған болатын. 

Дәл осы құжаттар талабына сай аталмыш қорымға марқұмдар толықтай «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының талартарына сай жерленуде. 

Бүгінде облыс мешіттерінің имамдары аталмыш құжатты жұртшылыққа насихаттап, ысырапшылдықтан аулақ болуға үндеуде.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін