Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен аймақтағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік қоржыны үлестірілді.
«Қайырымдылық-қайырлы іс» атты шара барысында он отбасыға теңдей үлестірілген азық-түліктер мешітке келе алмаған отбасылардың шаңырағына жеткізіліп берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі